Меню KDT

logo.png?_=1709107951

Общеобразовательная средняя школа №15 имени Сулеймена Карабалина
  • kz
  • ru
  • Мектеп туралы

    «№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


    Мектеп атауы:«Атырау облысы Білім беру басқармасының  Жылыой  ауданы  білім,бөлімінің  «№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім, беретін мектеп» коммуналдық 

     

    Мекен-жайы:Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы , Арон Қорғанбаев      көшесі, 50 ғимарат

     

    Қызметтік/телефон:8(71237) 5-70-59, - 8(71237) 5-63-43  

     

    Электронды  адрес:15.mektep@mail.ru  

     

    Фейсбук сілтемесі:  https://www.facebook.com/profile.php?id=100031251516091

     

    Инстаграм сілтемесі:https://instagram.com/zhylyoi_15school?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

     

    Веб-сайт сілтемесі:15.zhylyoi-bb.kz/kz

     

    Қызмет бағыты:Білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыру арқылы  сапалы білім  бере  отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Қысқаша тарихы

     

     

     

                 Атырау  облысы  Білім беру  басқармасының  Жылыой  ауданы  білім  бөлімінің                     «№15 Сүлеймен  Карабалин  атындағы  жалпы  орта  білім беретін  мектеп» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  өзіндік  ғасырлық  тарихы  бар  білім ошағы. Алғаш 1959 жылы бұрынғы Ембі қазіргі Жылыой ауданының шалғайда тұратын ауыл шаруашылығы қызметкерлері  балаларын оқыту үшін Қамыскөлде мектеп – интернат болып ашылды. 1962-1963 оқу жылында              8 жылдық мектепке айналды. 1968-1969 оқу жылында мектеп интернат орта мектепке айналып, 1969 жылы алғашқы орта мектеп түлектері бітіріп шыққан. Қамыскөл мектеп- интернаты                  1959-1988 жылдар аралығында қызмет етті.
     
             Құлсары поселкесінің Қамыскөлде  алғаш 1946 жылы бастауыш мектеп болып ашылып,               1952 жылы жетіжылдыққа, 1957 жылы орта мектепке айналды. Әуелі мектепке  1953 жылы Г.М.Маленков есімі, кейін  Антон Павлович Чехов есімі берілді.1959 жылы орталау, 1991 жылы орта мектеп  болды. 2007 жылдың 20-сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің                          №321 қаулысы негізінде мектепке белгілі педагог Сүлеймен Карабалин есімі берілді. Қазіргі  таңда  мектепте   412  оқушы  білім  алады. Жыл сайын Сүлеймен Карабалин ұрпақтарының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде  мектептің озат оқушылары «Сүлеймен Карабалин атындағы стипендиат иегері» болып,  ақшалай марапатталады.  2009 жылы Сүлеймен  Карабалин  ұрпақтары 2 қатарлы 208 орынды мектеп ғимаратын тарту етті. 2016 жылы демеушілердің көмегімен  спорттық  залды  пайдалануға берді. 2022 жылдан  бүгінгі  күнге  дейін  мектеп  педагогикалық  ұжымын  Танатарова  Майра  Абугалиевна  басқарып  келеді.
     
         Қазіргі таңда мектепте 1 педагог-шебер, 6 педагог-зерттеуші, 18 педагог- сарапшы, 7 педагог-модератор біліктілік  санатты  мұғалімдер оқушыларға дәріс беруде. Мектебіміздің 10 мұғалімі биылғы жылы халықаралық «SKILLFOLIO» жобасы аясында қатысып, курсын аяқтап шықты.
     
               2019-2020 оқу жылында Исағалиева Аққуым «Алтын белгі» белгісімен, 2020-2021 оқу жылында Шағатаева Айгерім, Серікқали Әсемай  «Үздік аттестатпен» , 2021-2022 оқу жылында Асылбекқызы Жансая «Үздік аттестатпен», 2022-2023 оқу жылында Асылбек Ақтолқын, Сейдахметова Гүлназ  «Алтын белгі» белгісінің иегері атанып  бітірді. Мектебіміздің  оқушылары аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда биік белестерді бағындырып келеді.                                             2022-2023 оқу жылында облыстық  «Махамбет оқулары» күй сайсынан 8 сынып оқушысы Сағын Бекнар ІІІ орынды иеленді. 10 сынып оқушысы Галимжанова Айгерім «Ілияс оқулары» байқауының «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша облыстық кезеңнен ІІІ орын иеленсе, 9 сынып оқушысы Құлбала  Айнұр «Жұмекен Нәжімеденов оқулары» байқауының  Ж.Нәжімеденов шығармаларынан иллюстрациялық сурет салудан облыстан І орынды иеленіп, республикалық кезеңіне жолдама алды. 2021-2022 оқу жылында Республикалық XI жазғы Қазақстан оқушылар арасындағы Гимназияда  «Бадминтон»  спорт түрі бойынша Сабет А., Бериков А., Туреханов Н., Досым Н., Жұмабайқызы Д., Сейдахметова Г., Нұрмұхамбет М., Балментаева А. жүлделі орын иегерлері  болды. Қуантарлық жағдай мектеп түлегі Шағатаев Бекзат  дзюдо күресінен  - «Қазақстан Республикасының спорт шебері».



    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки